Жаңалықтар

21 маусым 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтың төрағалығымен Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің аппараттары арасындағы жоспарлы консультациялар өтті

2017 жылғы 21 маусымда Астанада өткен іс-шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екі елдің ынтымақтастық мәселелері қаралып, күн тәртібіндегі халықаралық проблемалар, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай талқыланды.

В.Жұмақанов консультацияларды қорытындылай келе, Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеп, оны тыныш өмірге қайтаруды көздеген Астана процесі аясындағы тікелей диалогты жалғастырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, тұрақты түрде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасып, екі ел мамандарының жұмыс кездесулерін өткізу ұсынылды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша бірлесіп қабылданған шешімдерді іске асырудың нақты қадамдары жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін аралап көріп, көрмені ұйымдастыру және өткізу деңгейін жоғары бағалады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар