National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаты келіп түсті

2022 жылғы 23 қараша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің  Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Өзбекстан Президенті осы кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түскеніне назар аударған.  

– Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді. Жоғары деңгейдегі ашық, конструктивті әрі белсенді диалог, сондай-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық қарым-қатынастарды реттейтін тиімді практикалық механизмдер біздің өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға берік негіз болатынын атап өткім келеді, – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері тарихы ортақ бауырлас халықтардың достық байланысын күшейте түсетінін айта келіп, бірлескен шаралар екі елдің көпжақты қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің