National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады

2023 жылғы 27 қараша

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси AD Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 03 наурыз

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің