Жаңалықтар

14 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тосио Цунодзакиді Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Біздің елдегі дипломатиялық миссиясы аяқталған Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тосио Цунодзаки Қазақстан мен Жапония арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін наградталды.

 
-  Мен үшін біздің мемлекеттердің арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесім үшін марапатталу - үлкен мәртебе. Мен Қазақстанда үш жыл үш ай жұмыс істедім, енді он сегізінші қазанда өз отаныма сіздердің елдеріңіз туралы жақсы көңіл әрі жағымды естеліктермен қайтамын, - деді дипломат журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар