Жаңалықтар

17 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады.

 

Б. Мұхамеджанов Мемлекет басшысын өңірдегі, оның ішінде Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік-экономикалық және ағымдағы жағдай туралы, Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы жайлы, сондай-ақ 2012-2020 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, кездесу барысында облыс әкімі Президентке сумен қамту, өңірдегі энергетика мен көлік инфрақұрылымы салаларындағы проблеманы шешу жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар