Жаңалықтар

17 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановты қабылдады.

Е. Қазыханов Мемлекет басшысын министрліктің ағымдағы қызметі туралы және ведомство алдына қойылған міндеттерді іске асыру барысы жайлы хабардар етті. Сондай-ақ Сыртқы істер министрі Президентке Бельгия мен АҚШ-қа сапарының қорытындылары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы таяу келешектегі сыртқы саяси басымдықтар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар