Жаңалықтар

27 қазан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа нысандарымен танысты.

Президент METRO Cash & Carry белгілі халықаралық сауда желісінің Орталық Азиядағы алғашқы көтерме сауда орталығында болды. 

Орталық 13 мың атаулы азық-түлік және 12 мың азық-түлік емес тауарлардың жоғары сапалы өнімдерінің кең көлемдегі түрлерін ұсынады. Орталықтың негізгі тұтынушылары қонақүйлер, мейрамханалар, кейтерингілік компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері болмақ. 

Орталықтың сауда бөлмелерінің жалпы алаңы 6,8 мың шаршы метр, қасында 353 мәшинеге арналған паркинг бар. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. 

Мемлекет басшысы сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі «Кинг Отель Астана» бизнес-класты қонақ үйін аралап көрді. 500 нөмірлік қонақ үйдің 250 бөлмесі «Стандарт» класты болса, ал 125-і – «ең жайлы» және «жайлы» класты нөмірлерге жатады. Барлық бөлмелер халықаралық стандарттарға сай жабдықталған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар