Жаңалықтар

14 қазан 2005
Мемлекет басшысы Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Сяопэйді қабылдады

Бұл кездесу мен үшін аса маңызды. Қазақстандағы дипломатиялық миссиямды аяқтай отырып, менің елшілік қызметіме үнемі қолдау және көмек көрсеткені үшін Нұрсұлтан Әбішұлына зор ризашылығымды білдірдім, - деді Чжоу Сяопей журналистерге арналған брифингте.

 
Дипломат Қазақстандағы қызметінің өте тиімді және жемісті болғанын атап өтті. Екіжақты экономикалық ынтымақтастық кеңейді, 2004 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жетті дей келе, Чжоу Сяопэй осы жылы бұл көрсеткіштің 5 миллиард доллардан асатынына үміттенетінін білдірді.

 
- Соңғы екі жылда екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген маңызды оң өзгерістерді өткеріп, стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көшті, - деп атап өтті Елші.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар