Жаңалықтар

14 қазан 2005
Қазақстан Президенті Еуропалық комиссияның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Адриаан Хендриктен сенім грамотасын қабылдады.

122.jpg

Журналистерге арналған брифингте дипломат Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының кеңейту үрдісін атап өтті.

 
- Еуроодақ кеңейгеннен кейін Қазақстанның сауда саласындағы бірінші серіктесіне айналды. 1999 жылы көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сондай-ақ лаңкестік пен есірткі траффигіне қарсы күрес сияқты жаһандық мәселелерді қамтитын өзара іс-әрекетті реттейтін әріптестік және ынтымақтастық туралы бірегей Келісімге қол қойылды. 2006 жылдың ақпан айында Астанадағы Еуропалық комиссия өкілдігі кеңсесінің ашылуы - біздің өзара достық ынтымақтастығымыздың кепілі болмақ, - деді Адриаан Хендрик ван дер Меер.

 

 Ол сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға енуін қолдау туралы Еуроодақтың көзқарасын білдірді.

 
- Еуропалық Одақ Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне және оның ТАСИС арнайы бағдарламасы арқылы әлемдік экономикаға сәтті ықпалдасуына көмек көрсетуге дайын, - деп атап өтті Еуроодақ Өкілдігінің басшысы. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар