National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесті

2014 жылғы 09 қазан

 

Кездесуде алда қол қойылатын Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты да сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.М.Баррозу бірлесе жұмыс жүргізген жылдары ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін  атап өтті.

Қазақстан Президенті Еуропалық Комиссия басшысына біздің еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, оған табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің