Жаңалықтар

26 қазан 2009
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдауымыз» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы өтті.
05_big-101

Сессия жұмысына республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктің басшылары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялар, діни конфессиялар, үкіметтік емес ұйымдар, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде полиэтностық қоғам бірлігінің қазақстандық таудаулы үлгісі жаңа айтарлықтай сынақтарға - ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс сынақтарына төтеп бергенін атап өтті. Ел бірлігі, қазақстандықтардың өзара топтасуы біздің мемлекеттігіміздің негізі мен дамуының базасы болып табылады. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығының бірі болып қала береді.

Қазақстан көшбасшысы, өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген, мемлекеттік ұлттық саясат саласындағы стратегиялық құжат – Ұлттық бірлік доктринасына қатысты өз көзқарасын бөлісті. Атап айтқанда, қазақстандық қоғамдағы ел бірлігінің басты үш негізі – ортақ тарих, барлық қазақстандық этностарға ортақ құндылықтар мен ортақ болашақ туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сондай-ақ сарапшылар мен ғалымдардан жұмыс тобын құруды тапсырды. Қоғамдағы талқылауды ескере отырып, жұмыс тобы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілетін Ұлттық бірлік доктринасы жобасын әзірлеуі қажет.

- Бұл этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзара іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасы болуы қажет. Ол әрбір қазақстандық саясаткердің, әрбір депутаттың, ғалым мен журналистің басшылыққа алатын «қойын кітапшасы» болуы тиіс. Ол кітапшада кез келген саяси құжат пен заңдар сілтемесі, оның ережелерінде 2020 жылға дейінгі еліміздің дамуының Стратегиясы ескерілуі қажет,- деп атап өтті Президент.

Сессияға қатысушылар өз сөздерінде Ұлттық бірлік доктринасының жобасында көрсетілген негізгі көзқарастарды қолдай отырып, ұсынылған құжатты барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жан-жақты талқылауға шақырды.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы өз жұмысын аяқтады. Сессияға қатысушылар еліміздің азаматтарына үндеу қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар