National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Ақжайық» саябағына барды

2018 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы шара барысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Президенті «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы салған «Ақжайық» саябағын аралап көрді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен, елордадағы «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен және Мәншүк Мәметованың туыстарымен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасының елорданы әлеуметтік әрі мәдени тұрғыда дамыту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

***

Саябақ аумағында Мәншүк Мәметованың ескерткіші, субұрқақ, 100 орындық амфитеатр, «Сиқырлы лабиринт» атты инсталляция, тақырыптық алаңдар, сондай-ақ баскетбол ойнауға және жүгіруге арналған алаңдар бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің