National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» 18-халықаралық ғылыми конгресіне қатысушылардың хаты

2014 жылғы 13 қазан

 

Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында түрлі шетел мемлекеттерінің өкілдері болып табылатын авторлар тәуелсіздік жылдары біздің ел экономика мен спортта зор жетістіктерге жеткенін атап өткен.  

«Сізді Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылу жөніндегі биік мақсатының мерзімінен бұрын іске асуымен құттықтай отырып, экономикасы мен тұрмыс деңгейі ең жоғары отыз мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жаһандық бастаманың да табысты болатындығына сенім білдіреміз. Бұл жоспарлар спортта қазірдің өзінде ілгерілей орындалуда. Жалпы командалық есепте 12-орынды иеленген Қазақстан спортшыларының Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы зор табыстарына бүкіл әлем қол соқты», – делінген хатта.

Конгреске қатысушылар еліміздің Алматыда 2017 жылы Универсиада өткізу үшін барлық жағдайды жасағанына да тоқталған.

«Қазақстандағы спорт пен экономика дамуының жоғары қарқыны бізге Алматының 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болу құқығын иелену жолындағы күресі табысты болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді», – деп жазады авторлар.  

Соңында 18-халықаралық ғылыми конгреске қатысушылар Мемлекет басшысына табыс тілеп, ойға алған барлық жоспарларының орындалуына тілектестік білдірген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің