National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

2012 жылғы 05 шілде

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аясында өзара іс-қимыл басымдығын талқылады.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толады. Бүгінгі Қазақстан Қырғызстан экономикасының ірі инвесторы және жетекші сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала береді.

2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 750 миллион АҚШ доллары деңгейіне жетті. 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл көрсеткіш, өткен жылдың тисіті кезеңімен салыстырғанда, 34 пайызға артып, 281 миллион АҚШ долларын құрады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің