National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлық

2016 жылғы 06 мамыр

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:

1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін;

2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын;

3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  6 мамыр

                      № 248


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің